«Кино сыры» атты  шығармашылық кездесу өтеді

2022 жылдың  15 сәуір күні  Қазақстан республикасының  Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев жариялаған “2022 жыл – балалар жылы” аясында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты және М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақ Ұлттық өнер университеті педагогтарының қатысуымен «Кино сыры» атты  шығармашылық кездесу өтеді.

Кездесу қонақтары: 

Иманберген Марат Рақышұлы – белгілі  қоюшы-суретші, ҚР кинематографиялық өнер және ғылым Ұлттық академиясының  және ҚР кинематографистер одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы.

Тайшанов Талғат Тұрғанбайұлы – қоюшы-кинооператор, режиссёр, продюсер. ТМД елдері телевизия және радио Еуразиялық академиясының мүшесі. ҚР кинематографиялық өнер және ғылым Ұлттық академиясының  мүшесі.  Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы.

Шығармашылық кездесудің мақсаты:  «100 фильм»  жобасы аясында кино өнері арқылы ұлттық құндылықтарға баулу, оқушыларға  мамандық таңдауда бағыт беру. 

Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, оқытушылар және мектеп оқушылары қатысады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы   М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының  мәжіліс залы, Т. Жүргенов көшесі, 29.

Наши филиалы