Математика мұғалімдері кәсіби құзыреттілігін дамытуда

📚Сәуір айының 4-і мен 15-і аралығында «Өрлеу» Павлодар филиалында «Математика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған курс өтуде. Аталмыш шараға облысымыздың қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәнінің 25 мұғалімі қатысуда. Курстың жетекшісі «Өрлеу» БАҰО» Павлодар филиалының білікті оқытушысы Жаукенова Бибигүл Амирханқызы.

📚Курс аясында қатысушылар күтілетін нәтижелерге бағытталған инновациялық технологияларды тәжірибеде қолданудың тиімді тәсілдерін пайдалану және мұғалімдердің жеке даму траекториясын құруды, оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу жоспарындағы ерекшеліктері негізінде оқыту әрекеттерін жоспарлауды, оқушылардың білім алуына қолдау көрсетуге бағытталған тапсырмаларды әзірлеуді үйренуде.

📚Бағдарламаға сәйкес курс «Төңкерілген сынып» технологиясы арқылы ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, екі апталық іс-шара барысында ұстаздар көшпелі практикалық сабақтарға қатысып, қалалық мектеп ұстаздарымен тәжірибе алмасуда.

Наши филиалы