«Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар және бейне-дәрістер республикалық байқауы бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Құрметті Ақтөбе облысының педагогтары! Мектепке дейінгі , орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары үшін “Педагогикалық идеялар панорамасы-2022” бейне-сабақтар және бейне-дәрістердің республикалық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғастырылатынын еске саламыз.

Егер сіз осы конкурсқа қатысушы болғыңыз келсе-өз өтінімдеріңіз бен конкурстық материалдарды “Өрлеу” Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығының сайтына орналастырыңыз https://ppi.orleu-edu.kz/.

Зертхана меңгерушілері педагогтармен конкурс ережесін түсіндіру бойынша кездесулерді белсенді жалғастыруда. Бүгін Ақтөбе Құрылыс және бизнес колледжінің және Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің оқытушыларымен кездесулер өтті.

Әріптестер, “Педагогикалық идеялар панорамасы-2022” байқауына қатысыңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз! Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз!

Байқауға қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне 87016540750, 87077337448 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Наши филиалы