Үш күндік әдістемелік семинар өтті

Ауылдық мектептерге әдістемелік қолдау көрсету аясында 4-6 қаңтар аралығында Меркі ауданы №6 ЖББМ педагогтерінің сұранысы бойынша үш күндік оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Жоспарланған 3 күндік семинардың бірінші күні «Lesson study – сабақты зерттеу», екінші және үшінші күндері «Сабақ жоспарын жаңа форматта құрылымдау және тиімді оқыту» тақырыптарына арналды. «Өрлеу» – Жамбыл  филиалының  Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Карымбаева Сағадат, Скакова Бибі сабақты зерттеуді отандық мектептер тәжірибесіндегі озық тәсіл ретінде ұсынды. Аға оқытушылар  сабақты зерттеу тәсілінің теориясын практикамен ұштастырып отырды. Сабақты зерттеу тәсілінің әр қадамы егжей-тегжейлі талқыланды. Семинарда мектеп психологының қызметі, бақылау сабақтарының кестесі, сарапшы мен бақылаушылардың қызметтері жоспарланды. №472 бұйрыққа сай сабақты жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері мен мұғалімдер үшін маңызды басымдықтары талқыланды. Әр пән мұғалімі өз пәндері бойынша бір сабақ жопарын құрып, топтық талқылау арқылы шағын жоба таныстырылымын жасады. Мектеп мұғалімдерімен бірге мектеп әкімшілігі де семинардың белсенді қатысушысы болды. Үш күндік семинар мұғалімдер үшін табысты ал филиал әдіскерлері үшін жемісті іс-шара болды.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы