Жоғары оқу орнымен өткізілген іс-шара

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы КДИ-ның «Мирас» Университетімен өзара ынтымақтастық келісімшарты аясында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Шойманова Молдир Балгабаевна «Miras Science Online 2022» ғылыми апта барысында 2022 жылдың 13 сәуірі күні «Ways of differentiation as one of the forms of learner involvement» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Шебер сынып барысында ағылшын тілін оқытуда саралау тәсілдерін талдай келе, ағылшын тілін деңгейлеп оқыту жағдайында саралау тәсілдерін қолдану жолдарын ұсынды. Саралау тәсілдерін меңгерту жолдарын талқылай келе, A1, A2, B1, B2 деңгейлі тіл үйренушілер үшін тиімді саралау тәсілдерін тәжірибемен ұштастыра отырып көрсетті.

Шебер сыныпқа қатысушы университет ұжымы тақырып бойынша көкейкесті сұрақтарына жауап алып, келешекте де осындай ортақ іс-шараларды ұйымдастыруға ниетті екенін атап көрсетті. 

Наши филиалы