Курстан кейінгі әдістемелік қолдау

21.10.2021 жылғы №149 бұйрыққа сәйкес №35 М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінің жаратылыстану бағытындағы мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында онлайн форматта «PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын (оқу процесіне практикалық мазмұнды міндеттерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді пайдалану үшін қызықты міндеттерді енгізу) білім беру процесіне интеграциялау» тақырыбында шебер сынып өткізілді.

Іс-шара барысында академиялық білімге ғана емес, сонымен қатар стандартты және стандартты емес жағдайларда қолданбалы мәселелерді шешуге, жалпыланған әдістерді, анықтамалықтарды және басқа да дереккөздерді қолдану бойынша білім алушыларды өзіндік жұмыс жасау мүмкіндігіне көп көңіл бөлу қажеттілігі талқыланды.

Білім беру бағдарламалары мен PISA тапсырмаларының өзара байланысын көрсету мақсатында жаһандық құзыреттіліктің жаңа компоненті ретінде креативті ойлауды дамыту бойынша практикалық жұмыс жүргізілді.

PISA тренерлері: Г.Есентуреева, Г.Батькаева

Наши филиалы