Жазғы мектепке әдістемелік көмек

2022 жылдың 14 маусымында Шымкент қаласы №130 жом базасында жазғы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру процесін писхологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының қызметкерлері Б.Айдарбек, И.Ибрагим, А.Адилаевалардың басшылығымен оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында тірек мектеппен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар анықталды. Сонымен қатар «Тарихи деректермен жұмыс жасау негізінде мұғалімдердің зерттеушілік машықтарын арттыру» тақырыбында әдіскер И.Ибрагим тарих және құқық негіздері, дінтану пәні мұғалімдеріне арнап семинар сабақ жүргізді. Семинарға белсене атсалысқан мұғалімдер өз іс-тәжірибесін байытты. Мектеп директоры Н.Мырзатаев білім беру сапасын арттырудағы мектеп пен институт арасындағы ынтымақтастық үздіксіз байланыста болатынын жеткізді.

Наши филиалы