«Сабақты тиімді жоспарлау» әдістемелік апталығы

2022 жылдың 12-14 қаңтар аралығында педагогтердің курстан кейінгі жұмысын ұйымдастыру бойынша филиалдың бірлескен жұмыс жоспары аясында М.Мәметова атындағы №35 жалпы орта мектеп мұғалімдері үшін “Сабақты тиімді жоспарлау” тақырыбында әдістемелік апталығы өткізілді. Аталған іс-шараға институттың тренерлері Г.Есентуреева, Г.Батькаева (жаратылыстану-ғылыми бағыт), Г.Рахимжанова (орыс тілі мен әдебиеті), А.Жангабулова, Г.Мырзатаева (қазақ тілі мен әдебиеті), Н.Азбердиева, Л.Тастанова және Б. Тулегенова (бастауыш буын) белсенді ат салысты.Іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты сабақты жоспарлау жұмысының негізгі кезеңдерін көрсету болды.Әдістемелік апталық мұғалімдермен тәжірибелік-вебинар, коучинг, шебер-сынып, әдістемелік кеңес форматында онлайн өткізілді. Әдістемелік апталықтың жұмысына пән бағыттары бойынша 80-ге жуық мектеп мұғалімдері мен Шымкент қаласы Білім Басқармасы әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысты.Іс-шара тақырыбына байланысты әдістемелік апталыққа қатысушылар ҚР БҒМ 16.09.2021 жылғы №472 бұйрығының педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінен қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларға қатысты талаптарын бірнеше әдіспен талқылады. Диалог форматында мұғалімдер жаңа форма бойынша жоспарларды әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.Әдістемелік апталықтың барысында «Өрлеу» тренерлері қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау ерекшеліктерін, сабақ жоспарының әр элементінің мазмұнын қарастырды; SMART әдісіне сәйкес сабақтың мақсаттарын қалай қою керектігін, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оқушылардың білім беру әрекеттерін қалай жобалау керектігін көрсетті. Іс-шара барысында сабақты жоспарлаудың ең күрделі мәселелері өзектендірілді, оларды шешуді оқытуды неғұрлым өнімді және тиімді етуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, қатысушылар аталмыш іс-шарадан алған маңызды ақпараттарды өз тәжірибелерінде орынды қолдана алатынын және өзекті мәселелерді шешудегі маңыздылығын атап, алған әдістемелік және ақпараттық көмек үшін алғыстарын кері байланыс арқылы білдірді.

Наши филиалы