Оқушылардың жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру

2022 жылдың  9 ақпанында «Өрлеу» филиалы ШҚО бойынша «Оқушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру» облыстық вебинарын өткізді, онда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 70-тен астам педагогы қатысты.

Вебинар спикері Ахаева Наталья Васильевна, «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры, п.ғ.д., профессор, академигі тыңдаушыларды оқушылардың жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастырумен және білім беру үдерісіндегі инновациялық қызметпен таныстырды.

            Мұғалімдер А. Г. Ермакова және Л. А Булыга бастауыш сынып оқушыларының зерттеу құзыреттіліктерін дамыту моделін ұсынды, сондай-ақ оқушыларды ғылыми жобалар конкурстарына дайындау бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар ұсынды.

Наши филиалы