PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері

2022 жылдың 13 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «ТО және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы Шымкент қаласы Білім басқармасымен 10.01.2022 ж. №4 ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық туралы келісім-шартқа және Өрлеу «БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалымен серіктестік өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Әдістемелік орталықпен бірлесіп PISA халықаралық зерттеулерінің талаптары аясында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі бойынша вебинар өткізді. Вебинарды «Өрлеудің» Павлодар облысы бойынша филиалының филология магистрі Руколеева Лариса Васильевна жүргізді. Іс-шараға Шымкент қаласы мектептерінің директорлар орынбасарлары, әдіскерлер, PISA бойынша оқу сауаттылығын дамыту бағдарламалары бойынша тренерлер, орыс тілі пәні мұғалімдері қатысты, жалпы – 250 педагог қамтылды. Вебинарда PISA тапсырмаларын оқу процесінде оқу сауаттылығына интеграциялау мәселелері қаралып, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Наши филиалы