Цифрлық мектеп қолданыста

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні “Өрлеу” БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметкерлері кәсіби  ынтымақтастық аясында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы ең үздік цифрлық ауыл мектептерінің бірі – Ғани  Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясына барды. Мектеп – гимназия директоры Наметкулов М. Ж. https://gmonline.kz/. мектеп сайты арқылы оқу процесін басқару және ұйымдастыру үшін тиімді кәсіби сервистік алаңның мүмкіндіктерін көрсетті. Сайттың қызмет көрсету кеңістігі – барлық педагогтерге, қызметкерлерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына қолжетімді. Бұл жоба орта білім беру процесінде оқытуды басқару, бақылау, түзету, талдау, кері байланыс жасау, ақпарат алмасудағы қолжетімділік пен уақыттың тиімділігі, мектептің менеджменттік жүйесін жетілдіру, ашықтық пен академиялық адалдық принциптерін сақтау, электрондық мұрағат жұмыстары мен мектеп әкімшілігі мен педагогтарының жұмыс портфолиоларын қалыптастыру арқылы желілілік ақпарат алмасуға бағдарланған электронды мектеп кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл өзгерістер мектепті сапалы басқаруға ықпал етеді.

Наши филиалы