Бастауыш сынып оқушысының білім олқылықтарын толтыру

Ақпан айының екінші декадасы «Өрлеу Павлодар оқытушысы Идилуп Айман Төлегенқызы «Бастауыш сынып оқушысының білім олқылықтарын толтыру бойынша мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру қызметі» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шараға облысымыздың мұғалімдері қатысып, жаңа тың ақпаратқа ие болды.

Вебинардың басты мақсаты – оқушылардың білім олқылықтарын толтыру жұмысын ұйымдастыру бойынша мұғалімге әдістемелік көмек көрсету.

Қатысушылармен еңбек жолында жинаған тәжірибесімен Ақсу кенті мен Екібастұз қаласының білікті мамандары бөлісті. Солай, «Өрлеу» тренері А. Төлегенқызы «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.08.2021 жылғы №444 пен 16.09.2021 жылғы №472 бұйрықтарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімнің жұмысындағы білім сапасының мониторингі» тақырыбында мәліметпен бөліссе, Ақсу қаласы №8 орта мектебінің математика мұғалімі Т.В. Мацилецкая математика сабақтарында, Екібастұз қаласы №6 мектеп-гимназиясының ұстаздары О.Б. Коротенко әдебиеттік оқу сабақтарында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері, Е.Н. Гунбина «төңкерілген сынып» моделін пайдалану, ал Н.В. Марахова digital және интерактивті ресуртарды қолдану жайлы сөз қозғады.

📚Вебинар соңында қатысушылар Wooclap электрондық платформасында кері байланыс ретінде өз оң пікірлерін қалдырды.

Наши филиалы