Виртуалды зертханаларды қолдана отырып, «Жаратылыстану» және «Физика» сабақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

2022 жылдың 14 сәуірінде Шымкент қаласы №108 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хусанжонов Кодиржон Адижанұлы өз тәжірибесін көрсету мақсатында біліктілікті арттыру курсының мұғалімдеріне «Жаратылыстану» және «Физика» пәндері мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Ұсынылған шеберлік сабағының тақырыбы – «Виртуалды зертханаларды қолдана отырып, «Жаратылыстану» және «Физика» сабақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру». Бұл шеберлік сабағы виртуалды зертхана оқушыларды ынталандырып, білімді жүйелі ететінін көрсетті; күрделі заңдылықтар мен ғылыми құбылыстар қарапайым және анық түсіндіріледі; кешен оқушыларға эксперименттер мен тәжірибелерді мұғаліммен де, өз бетінше де жүргізуге мүмкіндік береді. Курс тыңдаушылары әріптесі Қ.А Хусанжоновтың бағалы тәжірибесі үшін және виртуалды зертханалар мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу әрекетінің дағдыларын дамытуға көмектесетінін, үлгілерді түсінікті және көрнекі етіп көрсеткенін атап өтіп, алғыстарын білдірді.

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары О.Найзабек, Г.Батькаева

Наши филиалы