Педагогикалық идеялар панорамасы

Құрметті әріптестер!

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»

байқауының басталғанын хабарлаймыз!

Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес өткізіледі.

Байқауды өткізу білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Конкурс педагогтардың кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне қызмет етеді, ал олардың үздіктері қоғамдық мойындауды алады.

Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” Акционерлік қоғамы.

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін Орталық ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрамын Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы мен өңірлік және республикалық кезеңде жауапты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әрбір базасындағы Өңірлік ұйымдастыру комитетері анықтайды .

Бейне материалдарға бағалау жүргізу мақсатында әрбір өңірде Сараптама кеңесі құрылады, олар білім беру, оқыту әдістемесі, медиа технология саласындағы білікті мамандар қатарынан жасақталады және ӨҰК төрағасы бекітеді.

Байқаудың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Міндеттері:

– педагог мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға жәрдемдесу;

– үздік педагогикалық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

– білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету;

– ҚР виртуалды Білім беру кеңістігіндегі Үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер банкін арттыру;

– педагогтарды кәсіби дамыту бойынша “Өрлеу “БАҰО” АҚ қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын іске асыруға ықпал ету.

Бағыттары:

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;

-орта білім беруді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;

-техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;

-жоғары білімді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;

-қосымша білім беруді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары.

Байқаудың тілі:

Қазақ, орыс, ағылшын.

Бейнематериалдың мазмұны мен түрі:

Бейнематериал тұжырымдамалық педагогикалық идеяны, яғни қысқаша мазмұндалған ойды мазмұндауға тиіс, олар жалпы жоспарда қандайда бір тараптың инновациялық мәнін, кәсіби педагогикалық тәжірибенің қырларын, бағдарларын бекітеді.

-дәріс(оқыту мен тәрбиелеу әдісі, белгілі бір саладағы идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);

-сабақ(оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, осы жағдайда педагог оқу бағдарламасында айқындалған білім алушыларға қойылған дидактикалық және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін саналуан әдістерді пайдалана отырып,  нақты кесте бойынша тұрақты құраммен дәл белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс жасайды);

-практикалық/лабораториялық жұмыс (теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, дербес сынақтан өту дағдыларын дамыту мақсатындағы өзіндік практикалық жұмыс түрлерінің бірі);

-семинар (жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген мәселелерді, проблемларды, тақырыптарды білім алушылардың өздігінен оқып үйренуіне құрылған, артынша материалды баяндама, реферат түрінде рәсімдейтін және оны бірлесіп талқылайтын оқу процесінің формасы);

-шеберлік сыныбы(өзінің белгілі бір шығармашылық саласында, педагогикалық қызметте маман өткізетін тәжірибелік шеберлікті жетілдіру бойынша оқытудың айрықша әдісі және нақты сабақ).

Байқау үш кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезең – даярлық.

Екінші кезең – өңірлік.

Үшінші кезең – республикалық.

Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады). Өңірлік және республикалық кезеңдер конкурсына барлық қатысушылар мен олардың жетекшілері марапаттау құжаттарын алады. (Қатысу сертификаттары немесе 1,2,3 дәрежедегі жеңімпаздар дипломдары)

Байқауға қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қ. бойынша филиалға хабарласа аласыз!

Байланыс: torleu.2022@mail.ru ПИП байқау Өрлеу, +7 702 355 5446

Ұйымдастыру алқасы

Наши филиалы