Мұғалімдер Үйінде съезд делегаттары

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мұғалімдер Үйінде біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары тарих және математика мұғалімдері съезінің делегаттарымен кездесті.

Кездесу барысында делегаттар Чекетаева Р.С., , «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»КММ, тарих пәнінің мұғалімі, т. ғ. к., Желпакова А.Х., ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы», математика, физика және информатика әдіскері педагогтердің назарын оқытудың өзекті мәселелеріне және білім беру сапасын арттырудың ұтымды жолдарын анықтауға аударды.

Кездесу соңында тыңдаушылар, осындай кездесулер одан әрі ынтымақтастыққа ынталандыратынын, кәсіби шеберліктерін арттыруға ықпал ететінін және ШҚО педагогтері үшін дәстүрге айналдыру керектігін атап өтті.

Наши филиалы