Бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті.▫️Ы.Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен өткен съезге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов, еліміздің барлық өңірінен келген бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және біліктілікті арттыру институттарының мамандары қатысты. Қатысушылардың қатарында Өрлеу – Нұр-Сұлтан филиалы директорының м.а. Жанкарина А.Т., әдіскер Клименко Н.А. болды.
Съезд барысында бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру, білім берудің әдістемелік жүйесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру сынды сауалдар талқыланды.
Секциялардың бірінде “Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру” тақырыбында басқарма төрағасы Мухаметжанова А.З баяндама оқыды.
Білім және ғылым министрі жиынның маңыздылығы атап өтіп, съезде көтерілген өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Наши филиалы