Информатика пәні мұғалімдерінің апталығы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы КДИ-ның «Мирас» Университетімен өзара ынтымақтастық келісімшарты аясында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Сазабаева Ардана Джаксымбетовна «Информатика мұғалімі» мамандық апталығында 2022 жылдың 14 сәуір күні «Оқу мақсатын нәтижелі меңгертуге бағытталған сабақ құрылымын жоспарлау» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында информатика пәні бойынша оқушыларды ұйымдастыру мақсатында – жеке, жұптық, топтық жұмыстары кезек-кезек ұсынылуы, дағдылар бойынша – рецептивті не продуктивті болып түрленуін, күрделілік деңгейі бойынша – бірде жеңіл материал мен тапсырмалар ұсынылса, бірде сыни ойлауды, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар мен материалдар талқыланды. Шебер сыныпқа қатысушы университет ұжымы тақырып бойынша көкейкесті сұрақтарына жауап алып, келешекте де осындай ортақ іс-шараларды ұйымдастыруға ниеттерін білдірді.

Наши филиалы