«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БЕЙНЕ-САБАҚТАР МЕН БЕЙНЕ-ДӘРІСТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

БАЙҚАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ!

Конкурсты ұйымдастырушы-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы.

Байқауға еліміздің барлық педагогтары қатысады! 22 номинация бойынша  мектепке дейінгі, жалпы орта, типтегі және жоғары оқу орындарындағы педагогтарын біріктіреді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген республикалық және халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесіне кіреді.

Байқау алдыңғы қатарлы педагогикалық модельдерді, оқыту мен бағалаудың заманауи білім беру технологияларын біріктіреді.

Байқау педагогтердің кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігінің өсуіне қызмет етеді. АЛ ОЛАРДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚОҒАМДЫҚ МОЙЫНДАУҒА ИЕ БОЛАДЫ.

2019 жылы республикалық кезеңде байқау жеңімпаздары арасында біздің Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері 5 жүлделі орынға ие болды, ал облыстық кезеңде 120-дан астам педагог өздерінің жоғары кәсібилігін растады.

Байқау бойынша ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыз: https://cloud.mail.ru/public/stDk/2ySf3UPhF

Сілтеме бойынша қатысуға тіркелу: https://forms.gle/oKwDCgHjSvSe5b4x5

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады:

Егорина Лариса Викторовна, әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертхана меңгерушісі (8777 411-07-66);

Батырқанова Маржангүл Зарлыққызы, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертхана меңгерушісі (8 777 709-71-01).

Наши филиалы