Химия пәні бойынша оқу процесін жобалау

10 наурыз 2022 ж. Тараз қаласында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Химия пәні бойынша оқу процесін жобалау» тақырыбында Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл аудандары химия пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында  семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мұғалімдерге қолжетімді түрде оқу процесін жобалау барысында әдіс-тәсілдерді қолдану мен саралаудың әдістері үйретілді. Әр оқушының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін  айқындай отырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдарын  жүзеге асыру ұсынылды. Курс тыңдаушылары кері байланысқа шығып, сабаққа белсене қатысып, туындаған сұрақтарға жауап алып отырды. Сондай-ақ, мұғалімдер тренер қойған сауалдарға жауап беріп, өзара тәжірибе алмасты. Мектеп мұғалімдеріне тиімді кеңестер беріліп,  әдістемелік көмектер көрсетілді.

 Есмырзаева А., «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.

Наши филиалы