Математика пәні мұғалімдері өз біліктіліктерін арттыруда

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының» филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Каркабаева Парида 09.03-18.03.2022ж аралығында  Жамбыл, Байзақ аудандары  мен Тараз қаласы математика пәні мұғалімдеріне «Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсын  өткізуде. Курстың мақсаты – жаңа білім парадигмасы талаптарына сәйкес оқыту мен оқудың тиімділігін арттыру үшін математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Курс аясында мұғалімдер математика пәнін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, саралау тәсілдері, Блум таксономиясын, сабақты жоспарлау, түрлі тапсырмалар дайындау бойынша материалдарды меңгеруде.

Аманкуль Есмырзаева, ЖжГРОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы