Оқу үдерісін басқарудың заманауи амалдары

2022 жылдың 24 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Өрлеу ББЖҚБАРИ білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие үдерісін басқарудың заманауи амалдары” тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс жоспарына сәйкес Алматы қаласындағы “№49 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де “Мектептің тәрбие үдерісін жетілдіруде тәлімгерлікті ұйымдастыру” атты көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Курс тыңдаушылары мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша жұмысты іс жүзінде өз көздерімен көріп, тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік алғанын атап өтті. Сондай-ақ, практикалық сабақтардың пайдасы мен жоғары деңгейі туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Наши филиалы