БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ БАҒЫТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін елдің дамуын қалпына келтіруге қатысты болды.

Тарихи құжатта Қазақстан үшін жаһандық және ішкі қатерлер мен қыр көрсетулердің ықпалын терең саяси және әлеуметтік-экономикалық талдау жасалған, оларға баға берілген, проблемаларды еңсерудің жолдары мен нақты шаралары белгіленген.

Бізге, “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының қызметкерлері, үшін бүгінгі таңда Қазақстанда, Президент айтқандай, “азаматтық қоғамды жүйелі қайта жаңғырту” басталатыны ерекше маңызды. Ол барлық әлеуметтік мәселелер ел азаматтарымен кеңінен талқыланады, ата-аналар, мұғалімдер, оқу орындарының әкімшілігі білім беру проблемаларын шешудің нақты тетіктерін алады дегенді білдіреді.

Біз қоғамдық өмірді демократияландырудың жаңа бағыты мектептегі қамқоршылық кеңестердің, мектептегі өзін-өзі басқару органдарының рөлін күшейтуге әкеледі деп үміттенеміз.

Ал біз, кәсіби даму институттары, өз кезегінде, қазақстандық білімге педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, тәлімгерлер даярлауға, мектептерде жас педагогтерді орнықтыруға көмек көрсетуге және жәрдемдесуге, ауылдық және қалалық мектептер арасында білім беру сапасының деңгейін теңестіруге көмектесе аламыз.

Әлемдік саяси және экономикалық дағдарыс жағдайында Президент Тәуелсіз Қазақстанның барлық азаматтарына бірлік пен келісімді сақтау міндетін қойды. Білім беру жүйесінің барлық қызметкерлері үшін қалың жұртшылықпен тұрақты байланыс, ашықтық, диалог жүргізу мүмкіндігі міндетті болуға тиіс.

Бүгінгі таңда көзбояушылық  және қажетсіз есептерден аулақ болу өте маңызды, бюрократтық  жүйеден арылу  туралы Жарлық бізге  қағазбастылықтан, надандықтан арылуға  көмектеседі деп үміттенеміз және энергия мен еңбекқорлыққа негізделген ең өзекті мәселелерге назар аударылады.

Педагог ретінде біз ұлы жерлесіміз Абай Құнанбаев пен Дінмұхамед Қонаевтың даңқты тарихи есімдері Қазақстан картасына оралуын қолдаймыз.

п.ғ.к. Жуманова Гаухар Сайлаубековна

Наши филиалы