Дөңгелек үстел

«Өрлеудің» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының жетекші тірек мектебінің бірі – Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектебінің базасында 2022 жылдың 13 мамырында бастауыш сынып мұғалімдері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: бастауыш сынып сабағында білім беру сапасын арттыру құралы ретінде оқыту мен оқу үрдісінде инновациялық технологияларын кешенді пайдалану. Дөңгелек үстел барысында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Ильясова Гульзира Быхытбековна және Мыңбаева Ақбота Камзабековна бастауыш сыныпқа сабақ өткізген мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектебінің 25 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іс-шарадан кейін жоғарыда аталған мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қиындықтар аясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды, әрі қарай жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланды.

(1) Пікір

  • Жанна Усенова 17.05.2022 @ 06:49

    Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға рақмет!

Пікірлер жабық.

Наши филиалы