Эстонияның білім беру жүйесінің тәжірибесі

Таллин университетінің профессорлары мен ғылыми қызметкерлері Zoom платформасында онлайн семинар өткізіп, Эстония білім беру жүйесіне бағдар жасап, жетістікке жетелейтін негізгі факторлармен таныстырды.

Таллин университетінің стратегия менеджері Микк Касесалк мырза семинарға қатысушыларға арнаған сөзінде Эстония жоғары білімінің стратегиялық мақсаттарына тоқталды.

Эстонияның білім беру жүйесіне жан-жақты бағдар жасап, PISA бойынша табысты факторлары туралы университет профессоры Мати Хайдметс, «Педагогикалық психология – әртүрлі деңгейлерде оқыту қалай жұмыс істейді: студент пен оқытушының белсенді позициясы» тақырыбында кіші ғылыми қызметкер Онне Уус, «Ересектерге арналған білім (мұғалімдерді), оқытудың ерекшеліктері» туралы  андрагогика кафедрасының доценті, PhD, Лариса Йоги ханым баяндады.

Семинардың екінші күні де өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісуге арналды. Атап айтсақ, «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары үшін оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізгі принциптері мен үдерістері» тақырыбында Педагогика ғылымдары мектебінің ғылыми қызметкері Мария Эрсс және білім беру робототехникасының зерттеушісі Яника Леосте баяндамасы тыңдалды.

Жүйелі жұмыстың нақты жетістіктерімен таныса отырып, маңызды мәлімет, тиімді тәжірибемен бөліскен таллиндік әріптестерге ризашылығымызды білдіреміз.

Наши филиалы