Оқушыларды функционалдық сауаттылық бойынша олимпиадаға даярлаудың әдістемелік негіздері

Мамырдың 13-ші «Өрлеу» – Павлодар директоры Р.Д. Ашимбетова мен филиал оқытуышысы А.Т.Идилуп «Павлодар дарыны» орталығының базасында  «Бастауыш сынып оқушыларына арналған конкурстар мен олимпиадаларды дайындау және өткізу кезіндегі әдістемелік тәсілдер» семинарын өткізді. Бұл іс-шара «Білімпаз – 2022» функционалдық сауаттылық бойынша қалалық зияткерлік конкурсының қорытындыларын талқылау, тапсырмаларды түзету және қала мектептерінің мұғалімдерінен кері байланыс алу мақсатында, сондай-ақ, конкурсқа қатысуға дайындық сапасымен байланысты педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру, дарынды балалармен жұмыста жаңа білім беру нысандарын қолдану бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қызметін үйлестіру мақсатында жүзеге асырылған еді. Бұл семинар қазақ және орыс секцияларына бөлініп, оған  қаламыздың бастауыш сыныптың 90 мұғалімі қатысыпты.

  • “Білімпаз” зияткерлік олимпиадасына қатысушылардың білім жетістіктерін бағалаудың негізгі бағыты – оқу сауаттылығы болып табылады. Математикалық және жаратылыстану салаларынан дәл осы бағыт бойынша  тапсырмалар салынған.  Бұл тапсырмалардың ерекшелігі – шынайылық, өйткені тапсырмаларда берілген мәтіндердегі ақпаратты салыстыру, автордың идеясын түсіну, әлем туралы жеке идеяларға сүйене отырып, жауап дайындау кезінде өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер табу ұсынылады, – деп атап өтті Р. Ашимбетова.
  • Мұғалімдер өз идеясына аргумент бере отырып, оны дәлелдеу, түсіндіру дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға назар аударуы керек. Бірақ ең бастысы, мұғалім бала сөйлеуге қорықпайтын, қателік жасаудан қорықпайтын, өзінің жеке пікірі бар және диалог құра алатын жағдайларды жасауы керек, – деді семинар модераторы, филиал директоры Роза Дүйсенқызы.

«Білімпаз» конкурсын өткізу – бастауыш сынып оқушысының зияткерлік және ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыта үлкен маңызға ие. Оқушы үшін бұл – үлкен тәжірибе, білімді функционалды және шығармашылық тұрғыдан пайдаланудың мүмкіндігі, ал мұғалім үшін – оқушылардың дұрыс орындалған тапсырмалары мен қателіктерін талдаудың, өз жұмысын түзетудің мүмкіндігі.

Наши филиалы