Workshop: “Кітапханалық еңбек шеберханасы”

Ағымдағы жылдың 12-14 маусымында Ақмола облысы Щучинск қаласы “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында мектеп кітапханашылары, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің бас мамандары мен әдіскерлері үшін “Оқуға құштар мектеп жобасы –  заман талабы” атты республикалық семинар өтті. Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының кітапхана ісі бойынша бас маманы И. В. Грицинина  “Кітапхана қоғамдастық орталығы ретінде: дәстүрлі құндылықтар, инновациялық тәжірибелер” секциясын Workshop  түрінде ұйымдастырды. Workshop аясында қатысушыларға келесі әрекеттер ұсынылды: “кітапханалық өрмектер” ойыны, “Canva”, “Calameo”, сияқты заманауи цифрлық сервистері. Осылардың ішінен “Кітапханалық синквейн” есте қаларлықтай болды. Іс-шараның  тақырыбы бойынша кітапханашылар құштарлықпен бес жолды өлең құрастырды. Қорытындысында кітапханалық квилт – кері байланысы жүргізілді.    

Наши филиалы