Педагог мамандарды дайындаудың сапасын арттыру мәселелері

Бүгін облысымыздың педагогикалық қауымдастығы «Педагог мамандарды дайындаудың сапасын арттыру мәселелері» атты облыстық дөңгелек үстел платформасында бас қосты.

Дөңгелек үстелде педагогикалық мамандықтың заманауи проблемалары, педагогтердің кәсіби дайындығы мен шеберлігінің білім беру сапасына әсері, осы мамандықты таңдау проблемасы, жас буын педагогтердің профилі туралы баяндамалар ұсынылып, талқылаулар орын алды. Әрине, заманауи педагог мамандарды дайындау қағидалары мен әлеуметтік сұраныстар өз талаптарын қоюда, бұлар басшылыққа алынатын басымдықтар.

Дөңгелек үстелге қатысқан облыстық білім  беру саласының басқарушылары – Білім беру басқармасының, Сапаны қамтамасыз ету департаментінің (ДКСО), Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры және т.б. қалалық, аудандық білім бөлімдерінің жетекшілері мен мамандары.

Педагогтерді орта кәсіби білім беру деңгейінде дайындатын қара шаңырағымыз – Ақтөбе гуманитарлық колледжі бүгін дөңгелек үстел қатысушыларын қабылдады, сонымен қатар колледж түлектері бүгінгі ұстаздық тәжірибелерімен, мамандыққа келу жолдары туралы бөлісті.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталыққа ұйымдастырған дөңгелек үстел шарасына алғысымызды айтамыз.

Наши филиалы