Көшпелі тәжірибелі сабақ

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері үшін 2022 жылғы 06-18.06. аралығында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жүргізілуде. 2022 жылы 16 маусым күні тыңдаушылар «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жаңагүл Төребекқызының жетекшілігімен Шымкент қаласы институттың тірек мектебі №130 ЖОМ-де көшпелі тәжірибелі сабақта болды. Мектептегі жазғы оқу үдерісімен, оқушылардың сабақ өту барысымен директордың оку-әдістемелік орынбасары Болганова Айгул Маликовна жеке-жеке сыныптар бойынша жан-жақты таныстырды, ал директордың тәрбие орынбасары -Нурмаханбетова Фарида Амирбековнамен бірге мектептегі «Көңілді жаз – 2022 жазғы-сауықтыру алаңын» аралай жүріп, демалушы оқушылармен курс тыңдаушылары да ән салып, бірге көңіл көтерді. Сонымен бірге облысымыздың және мектептің білімді де білікті мұғалімдері өзара тәжірибелерімен бөлісті. Аширбекова Күнсұлу Жетісай қаласы, Қонаев №9 ІТ МЛ, Дүйсенова Айман Сарыағаш қаласы, №27 Шәкәрім ЖОББМ-нің ұстаздары « Эссе жазу» мен «Lesson Stady» зерттеулері бойынша мектептегі шығармашылық жұмыстары және жеткен жетістіктерін ортаға салды. №130 ЖОМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алиева Гаухар КРОССЕНС әдісімен бөліссе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсеева Молдир «Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылатын геймификация» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырды. Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары курс жоспарына сай ұымдастырылған көшпелі тәжірибелі сабақ жұмысына сай оқу ғимаратарының жабдықталуы жоғары деңгейдегі №130 ЖОМ-тің әкімшілігі мен мұғалімдеріне ұстаздық қоржындарын толтыруға берген үлкен мүмкіндіктеріне ыстық ықыластарын білдірді. «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жаңагүл Төребекқызы Кужимова

Наши филиалы