«Өрлеу: білікті маман – жарқын болашақ» атты білім беру форумы

«Өрлеудің» 10 жылдығына орай Қостанай облысы бойынша филиалдағы әріптестеріміз «Өрлеу: білікті маман – жарқын болашақ» атты білім беру форумын өткізуде. Форумның мақсаты: педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың стратегиялық даму бағыттарын, тиімді модельдері мен озық тәжірибелерін талқылау; шығармашылық бастамаларды дамыту және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға жұртшылықтың назарын аудару.Форум аясында халықаралық деңгейде «Педагогтің кәсіби өсу жүйесін құру: мәселелері мен шешу жолдары» атты панельдік пікірталас өтті, оның барысында педагогтің кәсіби өсу жүйесін құру мәселелері мен педагогтің үздіксіз кәсіби өсуін ұйымдастыру проблемаларын анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу мәселелері талқыланды.Панельдік пікірталаста «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтің кәсіби өсуін құру тәжірибесі» тақырыбында «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, п.ғ.д., профессор Л.Т.Искакова баяндама жасады. Лаура Тұрлыбекқызы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының бөлігі ретінде білім беру саласында инновацияларды енгізуге дайын «Өрлеу», педагог кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындауда жедел және икемді әрекет ететінін атап өтті. Өз баяндамасында ол педагогтердің кәсіби қажеттіліктерін анықтау мен бағалау және білім беру бағдарламаларын әзірлеу; педагогтің кәсіби өсу жүйесін құру тәжірибесі; курстық дайындық және курстан кейінгі сүйемелдеу тәсілдері мен жолдарын таңдау туралы толық ашып айтты.

Наши филиалы