Бастауыш сынып мұғалімдеріне коучинг өткізілді

2022 жылдың 14 қаңтарында «Өрлеудің» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Н.Азбердиева «Жоспарлауда функционалдық сауаттылықты дамыту үшін тапсырма жасауда кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары» тақырыбында педагогтерді курстан кейін ауыл мектептерін қолдау мақсатында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінде коучинг өтті. Коучтың мақсаты бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда математикалық және оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды дайындау құзыреттіліктерін арттыруға қолдау көрсету.

Іс-шара барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда математика және әдебиеттік оқу пәндерінің нақты берілген оқу мақсатына түрлі тапсырмалар құрастырды, тапсырмаларды орындау барысында кездескен қиындықтарды анықтады және бірлесе оқыту тәсілі арқылы талқылап, тиімді тапсырмаларды ұсына білді.

Кәсіби шеберліктерін арттыруға үлкен көмек берген іс-шараға аса қызығушылық танытқанын мұғалімдер кері байланыс арқылы беріп, алғыс айтты.

Наши филиалы