Шеберлік сынып өтті

14 маусым күні «Өрлеу»-БҚО институтында «Музыка пәнінің мазмұнын игерудегі проблемалық оқыту» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбына «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктіліктерін жетілдіріп жатқан облыс, қала педагогтері қатысты.

            Курс жетекшісі Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Сайра Сексенбаева.

            Шеберлік сыныбында Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының білікті музыка пәні мұғалімі Мартынова Марина Владимировна өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

            Қатысушылар музыка пәні мұғалімінің оқушылардың шығармашылығын дамытуды жүзеге асырудағы өзекті мәселелерін нақтылап, өзара пікір алмасты.

Наши филиалы