Біліктілікті арттырудың табыстылығы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша КДИ базасында физика және жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану» және «Физика» пәндері мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы офлайн режимінде өткізілуде.

Курстың мазмұнында орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптерін, оқыту үдерісінде нормативтік-құқықтық құжаттарды, Soft skills дағдыларын жетілдіру, IT сауаттылықтарын дамытуға бағытталған GoogleDrive, ClassTime, Kahoot, LeаrningApps, Padlet көпфункционалды бағдарламаларды қолдану мүмкіндіктерін, STEM білім берудегі инновациялық үдерістер мен мүмкіндіктерін тәжірибеде ықпалдастырудың жолдарын қарастыруда. 

Біліктілікті арттыру курсы семинар, көшпелі тәжірибелік сабақтар, демо-сабақтар тәрізді жұмыс түрлері арқылы өрбуде.

Курстың тиімділігі көшпелі тәжірибелік сабақтарды Петропавл қаласындағы ХББ бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ынтымақтастықты жалғастыру және үздік педагогтердің тәжірибесін тарату мақсатында жүргізілуде.

Тыңдаушылар тәжірибелікке бағытталған сабақтарда жеке тұлғаның жобалау іс-әрекеті процесінде сыни ойлауын дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы STEM-білім берудің рөлі және виртуалды зертханаларды қолдана отырып, «Жаратылыстану» және «Физика» сабақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мазмұнындағы тақырыптарды тәжірибеде ықпалдастырудың жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, PISA және басқа да халықаралық зерттеулердің міндеттерін шешу, PISA тапсырмаларын оқу процесіне кіріктіру тапсырмаларын құрастыруға бағытталған тәжірибелік жұмыстарды топтық, жеке жұмыстар арқылы меңгеруде.

Наши филиалы