Диалог ұйымдастырылды

2022 жылдың 13 мамырында «Өрлеу» БАҰО» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы Сайрам ауданы, №76 ЖОМ арасында әдістемелік сүйемелдеу және келісім шарт негізінде жұмыс жасау мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары М.Мусаева мен Н.Садирмековалар диалог ұйымдастырды. Әдістемелік сүйемелдеудің жоспарына сай мектеп ұжымымен сауалнама сұрақтары жүргізілді. Барлығы 35 педагог қатысты. Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміінің әдіскері У. Курбантаев, мектеп директоры У.Т.Сариев және мектептің директор орынбасарларымен ұйымдастырылған диалог барысында әдістемелік сүйемелдеу арқылы оқыту семинарлары, тренингтер, шебер сыныптар, ашық сабақтар және институттың жоспарына сай педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған басқа да шараларды бірлесіп өткізу туралы мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларда, шығармашылық және пәндік конкурстарда белсене қатысуды өз алдыларына мақсат етті.

Наши филиалы