Әдістемелік көмек

2022 жылдың 16-17 мамыр күндері «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының тірек мектептерімен жұмыс жоспарына сәйкес Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы «Талдыбұлақ» негізгі орта мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық қызметі» тақырыбында әдістемелік мозаика өткізілді. Екі күнге созылған іс-шарада кафедра меңгерушісі Г.Рахимжанова «Разработка заданий для формативного оценивания как мини-исследование» тақырыбында шебер-сынып, аға оқытушылар Г.Батькаева, Г.Садыкова «Технологияларды қолдану – оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың негізі» тақырыбында шебер-сынып, аға оқытушы А.Жангабулова «PISA халықаралық зерттеулеріне сәйкес оқу сауаттылығын дамытудың маңызы» тақырыбында тренинг жүргізді. Жүргізілген іс-шаралар бойынша өзекті мәселелер қозғалып, оқушылармен жұмыс процесінде қамтылатын маңызды жоспарлар мен әдіс-тәсілдер қарастырылды. Іс-шара соңында мұғалімдер түйінді пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Ғылыми бағытта ұйымдастырылған әдістемелік көмек мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, тәжірибесін арттыруға көмегі зор екенін ерекше атап өтті. «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасы

Наши филиалы