Мектеппен жұмыс

«Өрлеу» БАҰО» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы мен Түркістан облысы, Отырар ауданының П.Әйтменов атындағы негізгі орта мектебі арасында педагогтердің әдістемелік қызметін жетілдіру, инновациялық тәжірибелерін тарату, оқыту мен оқуда белсенді тәсілдерді тәжірибеге ендіру мақсатында «Әдістемелік сүйемелдеу туралы» келісім шарт жасалды. Келісім шарт негізінде алдағы уақыттағы іс-шалар жоспары жасақталды. П.Әйтменов атындағы негізгі орта мектебінің педагогикалық ұжымымен танысып, оқыту үдерісі барысындағы қиындықтар аясы туралы кеңесті «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Р.Керімбекова мен Н.Азбердиева жүргізіп қайтты. Кеңес соңында педагогиалық ұжым бұл бастаманың келесі жылғы жаңа оқу жылына жаңа серпін беретіндігін айтып алғыстарын білдірді.

Наши филиалы