«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы қайта оралады

Керемет жаңалықты хабарлауға асықпыз!  Білеміз – сіздер оны көптен бері  күттіңіздер! «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы қайта оралады!

Заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, сондай-ақ, педагогтердің ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында біз дәстүрлі республикалық конкурстың басталуын жариялаймыз.

Дайындық кезеңі өтті, ұйымдастыру комитеті құрылды, сараптамалық кеңес мүшелері анықталды, құжаттама дайын – демек, бастауға болады!

Қостанай облысы педагогтерін қатысуға шақырамыз!

Байқау екі кезеңде өтеді: бірінші облыстық кезең, мерзімі – наурыз-мамыр, екінші республикалық кезең – қараша айы.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы педагог мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға жағдай жасайды; үздік педагогикалық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді; білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға;   педагогтерді кәсіби дамыту бойынша «Өрлеу» қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын іске асыруға ықпал етеді.

Құрметті Қостанай облысының педагогтері! «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына белсенді қатысуларыңызға үміттенеміз.  Сіздердің жетістіктеріңізге сенімдіміз!

Наши филиалы