Future English Online Teacher Community

British Council халықаралық ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ педагогтердің пәндік құзыреттерін арттыру мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері үшін «Future English Online Teacher Community» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны іске асырды.

Бұл жоба Халықаралық болып табылады, ол Армения, Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан және Грузияда да жүзеге асырылады. Ағылшын тілі мұғалімдерінің қазақстандық мектептердегі әріптестерімен ғана емес, халықаралық әріптестермен де тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Өрлеу – СҚО арқасында жобаға 76 педагог қатысты, олар іріктеу тестілеуінен өтіп, 2021 жылдың 4 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін оқытудың кәсіби дағдыларын жақсарта алды. 

СҚО ББ, СҚО педагогтеріне, сондай-ақ жобаны бірлесіп іске асырғаны үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ-на алғыс айтамын.

Наши филиалы