Кеңес – семинар

2022 жылдың 18 мамырда «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент қаласының А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта мектебінің базасында «Оқу мақсаттары аясындағы саралау тапсырмаларына тиімді кері байланыс жасау» тақырыбында кеңес семинар өткізілді. Мақсаты: Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс- әрекетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы ұйымдастырылған кері байланыстын жолдарын ұсыну, өзін – өзі бағалауға дағдыландыру, өз деңгейін анықтап оны көтеруге жағдай жасауға дағдыларын дамыту. Іс – шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 25 – педагогтер қамтылды. Г.Б.Ильясова «Оқу мақсаттары аясындағы саралау тапсырмаларына тиімді кері байланыс жасақтау» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне тапсырмаларды құрастыра отырып кері байланыстың тиімділігін көрсетіп әдістемелік көмек беріп, өзінің іс – тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс білдіріп, курстан кейінгі осындай іс шаралардың маңызы жоғары екенін, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін арттыруға, үлкен көмек болғаның айтып алғыстарын білдірді. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Ильясова Гульзира Бахытбековна

Наши филиалы