«Тәлімгер+жас педагог=команда» «КОМАНДАДА – КҮШ» халықаралық конкурсының жеңімпаз-педагогтерінің мақсатты шеберлік сыныптар циклі

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша КДИ филиалы «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығының жұмыс Жоспарына сәйкес «Тәлімгер+жас педагог=команда» «КОМАНДАДА – КҮШ» халықаралық конкурсының жеңімпаз-педагогтерінің мақсатты шеберлік сыныптар циклін өткізуді бастайды.

Іс-шараның мақсаты кәсіби қарым-қатынас және тәлімгер мен жас педагогтың өзара іс-қимыл тәжірибесімен алмасу үшін кеңістікті ұйымдастыру негізінде қатысушылардың педагогикалық шеберлігін көрсету және дамыту үшін жағдай жасау, педагог кәсібінің беделін арттыру және тәлімгерлік институтын нығайту болып табылады.

Шеберлік сыныптарды жүргізушілер – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Шеберлік сыныптарды күндізгі, сондай-ақ онлайн-форматта өткізу жоспарлануда.

2022 жылдың 21 сәуірінде «Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтері Якимчук Елена Анатольевна, Никишкина Вероника Александровна «Экожүйелік тәсіл заманауи білім берудің негізгі векторы ретінде» шеберлік сыныбын ұсынады.

Наши филиалы