Шебер сынып. Шоғырланған оқыту технологиясы: танымдық дамудың кепілі

Көшпелі тәжірибелік сабақ – тәжірибелік сабақтардың белсенді нысаны ретінде әр бір тыңдаушыға курстарда алған кәсіби білімдерін іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. 2022 жылдың 15 сәуірінде «Өрлеудің» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалында «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өтіп жатқан мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған біліктілік арттыру курсының шенберінде Шымкент қаласы № 98 «Мерей» бөбекжай бақшасы базасында «Шоғырланған оқыту технологиясы: танымдық дамудың кепілі» тақырыбында шебер сынып өтті. Мақсаты: курс тыңдаушыларының теориялық алған білімдері мен дағдыларының белгілі бір көлемін бекіту және кеңейту. Тәжірибелік сабақтар шеруінде тәрбиешілер «Гүлдер әлемі» құрылымдалған ойын түрлерін К.Д. Колбаева, «Қызықты ойындар» еркін ойынды А.А. Тулебаева, «Ауа табиғат сыйы», «Дәрілік шөптер» педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойындарды К.Д.Курымбаева мен А.Р.Даулетбаева көрсетті. Жуырда ротация тәртібімен № 98 «Мерей» бөбекжай бақшасына орын алмастырған бақша меңгерушісі Г.К.Утепбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара дөнгелек үстелге ұласты, пікір алмасу, кері байланыс беру барысында КТС нәтижелері бойынша тыңдаушыларды курстан кейінгі сүйемелдеу бағыттары айқындалды.

Наши филиалы