Көптілді және көпмәдениетті білім беру – бейбіт және тұрақты дамуға жол

Білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және педагогтердің кәсіби дамуын ынталандыру арқылы ана тілі негізінде көптілді және көпмәдениетті білім беруді ілгерілетуге және дамытуға ықпал ету мақсатында 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында «Көптілді және көпмәдениетті білім беру – бейбіт және тұрақты дамуға жол» дидактикалық және әдістемелік әзірлемелердің аймақтық байқауы ұйымдастырылды. Байқау «Өрлеудің» Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты және Алматы қаласы бойынша филиалы, Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы және Қырғызстандағы әлеуметтік интеграция орталығы, Моңғолия Білім Министрлігі жанындағы білім институты және Тәжікстанның Білім академиясымен ынтымақтастықта өткізілді. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамына Грузия, Молдова және Эстония сарапшылары кірді.Байқауға бес елден: Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстаннан 400-ге жуық адам қатысты. Байқау жұмыстары 7 тілде: орыс, қазақ, қырғыз, ағылшын, тәжік, өзбек және моңғол тілдерінде орындалды.«Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Махбуза Мусаева авторлық бағдарламамен конкурсқа қатысып, І дәрежелі сертификат (диплом ) алды.Байқау нәтижесі бойынша үздік материалдар көптілді және көп мәдениетті білім беру мәселелері бойынша өңірлік және желілік ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру үшін жинақталатын болады.

Наши филиалы