Функционалдық сауаттылықты кәсіби дамыту

Павлодар қ. №39 орта мектебінде «Өрлеу» функционалдық сауаттылықты кәсіби дамыту бағдарламасы бойынша тренері Л.В. Руколеева PISA-2022 халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мәселелерінде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында семинар өткізді. «Жүйелік-әрекеттік тәсілдегі мәтінмен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында өткен іс-шараға 60-тан астам пән мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында дәстүрлі және жүйелі-әрекеттік оқытудың айырмашылығы, “Оқу – процесс ретінде” ұғымын қандай компоненттер ашатыны, жүйелік-әрекет тәсілінде мәтінмен жұмыс істеу әдістері сынды сұрақтар қарастырылды.

Ал шараның практикалық бөлімінде қатысушылар мәтіндерді эмпирикалық талдау әдісімен түсінуді қиындататын факторларды анықтап, кез келген форматтағы, кез келген қиындықтағы мәтінді түсінудің әмбебап алгоритмін құрастырып, апробациялады.

Наши филиалы