«Шалқар» радиосына сұхбат

Білім және ғылым жаңалықтары, тәрбие мен ұлттық құндылықтар дәріптелетін «Шалқар» радиосының  журналисі Нұржамал Янгибаеваның «Құтты білік» авторлық бағдарламасына «Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын Республикалық институты  «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты А.А.Маханбетова курс тыңдаушыларымен бірге арнайы сұхбат берді.

«Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлық және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары Батыс Қазақстан облысынан келген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:  Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы, М.Б. Ықсанов атындағы мектептен – Ж.Қаратаев, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектептен –  М. Елеусинова, Ақтау қаласы «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп- интернатынан» – Г. Искакова, Алматы қаласы №26 жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –  Г. Кушалиева жасөспірімдер арасында зорлық –зомбылық пен суицидті мінез-құлықтың алдын алу, осы бағыттағы ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар, білім саласындағы, тәрбие үдерісіндегі жаңалықтар  сынды ауқымды сұрақтар бойынша әңгіме өрбітіп, тыңдарман қауыммен тақырып аясында келелі мәселелерді талқылады.

Наши филиалы