Тәжірибе алаңы – шығармашыл ұстаздардың шыңдалу алаңы

Ұстаз мәртебесін көтеру, облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзіреттілігін, мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау, тарату мақсатында ұйымдастырылған «Тәжірибе алаңының» үшінші күні «Жалпы білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция барысында қатысушылардың STEM білім беру тәсілі, мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға арналған Lesson study, қашықтан білім беру, жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың дағдыларын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістері, интербелсенді әдістер арқылы білімді шығармашылық тұрғыда қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмысымен айналысу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдай алу дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындайтын, еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыратын мұғалімнің рөлі, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс түрлері бағыттары бойынша баяндамалары тыңдалып, сарапталды.

Шығармашыл ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бағытында ұйымдастырылған конференцияның маңызы зор болды.

Тәжірибе алаңының ұйымдастырушылары конференц залға жиналып, алаңның 3-ші күні өткізілген шараларға сараптамалық талдау жүргізіп, рефлексия жасалды.

Наши филиалы