Шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы» қорытындыланды

5 қаңтар күні «Тәжірибе алаңының» жұмысын қорытындылауға арналған жиын өтті. Жиынды «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусінов кіріспе сөзбен ашып, «Тәжірибе алаңының» облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын озат тәжірибелі мұғалімдердің мәртебесін көтеру, шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзіреттілігін, үздік тәжірибесін анықтау, тарату, курстық және курсаралық шаралардың нәтижелілігін байқау үшін кері байланыс жасауға мүмкіндік беретін ең құнды, ең маңызды жобалардың бірі екендігін атап, институтта атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.

«Тәжірибе алаңына» облыстан 100-ге жуық педагог қатысты. Ұйымдастырушылардың алаң жұмысын жоғары деңгейде үйлестіре білуі нәтижесінде барлық шараны өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Қатысушылардың шығармашылық еңбегін айқындайтын әрбір материал алаң жұмысы барысында өздерінің және тәуелсіз сарапшылардың тезінен өткізіліп, лайықты бағаланды, бағыт-бағдар беріліп, жетілдіру бағытындағы ұсыныстармен толықтырылды.

Жиын соңында «Тәжірибе алаңы» барысында өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, үздік жұмыстары мен кәсіби шығармашылық шеберлігі үшін мұғалімдерге, тәуелсіз сарапшыларға, командаларға «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының Құрмет грамотасы, дипломы, алғыс хаты табысталды.

«Тәжірибе алаңына» қатысқан барша ұстаздарға, тәуелсіз сарапшыларға, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Шығармашыл ұстаздардан алдағы уақытта табысты, бірлескен жұмыстар күтеміз!

Наши филиалы