Келісім-шарт негізінде ұйымдастырылған курстар өз жұмысын бастап кетті

Бүгін, қаңтар айының он жетісі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2022 жылғы курстық жұмыс жоспарына сай 80 сағаттық біліктілік арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары бойынша келісім-шарт негізінде ұйымдастырылған курстың алғашқы сабағын бастап кетті.

Шарттық негіздегі біліктілік курсына қатысқалы отырған қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» тақырыбындағы бұл курсқа алдын-ала сұраныс аз болған жоқ.

Алғашқы сабақта курсты ұйымдастырушы және курс жетекшісі институттың Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тренер, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Есентаева Айжан Идрисовна Жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында үлгілік оқу бағдарламасы және оқу жоспары бойынша қысқаша шолу жасады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қараша айында дәл осы тақырыптағы келісім негізіндегі А. Есентаева ұйымдастырған курсқа қабылданған мұғалімдердің денін құраған, яғни топтағы жиырма бес тыңдаушының он тоғызы боп қатысқан Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінде курстың соңғы сабағы тыңдаушылар ұсынысымен офлайн форматта өткізілді. «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбындағы бұл күнгі сабаққа колледж әкімшілігі де қатысып, институт тренерінің жұмысына жоғары баға беріп, институт ұжымына алғыстарын білдірген болатын.

Сөз кезегінде, біз де әріптесімізге осындай тың тақырыптарды игеруде алға қойған жоспарлар биігінен көріне беріңіз демекпіз!

Ш. Битен

Наши филиалы