Математика мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы жалғасуда.
Курс барысында тыңдаушылар оқушыларының зерттеу дағдылары мен пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін математика сабақтарында проблемалық оқыту технологиясын, Арт-педагогика тәсілдерін қолдану жолдарын айқындап, практикалық жұмыс жасады. №56 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Байгазиев Роман Фазылович, № 82 «Дарын» мамандырылған лицей мұғалімі Саугабаева Жанат Марксовна тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы