Жылдам оқу және зияткерлікті дамыту технологиясы

Тараз қаласындағы №30 «Назерке» балабақшасында соңғы 3 жылдан бері мектепалды даярлық топтарында жылдам оқыту технологиясы енгізілген. Нәтижесінде мектепалды даярлықтан өткен балалар норматив бойынша минутына 20 – 30 сөз оқуы тиіс болса, аталған балабақша түлектері минутына 60 – 70 сөзге дейін оқуды үйренген, мектепке баруға толық дайын. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжым педагогтерінің жұмыстары өз нәтижесін беруде. Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудегі осындай озық тәжірибелерді кеңінен зерделеуді жалғастыра береді.

Наши филиалы