Тәжірибеге бағытталған семинар өткізілді

• Қазіргі уақытта білім беру саласында жаңа нормативтік құжаттардың пайда болуына байланысты жүйелі өзгерістер орын алуда, мектеп жасына дейінгі баланың дамуына қоршаған ортаның әсер ету проблемасы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. • Осыған орай, 2022 жылдың 19 мамыр күні Шымкент қаласы №106 «Ердәулет» бөбекжай бақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-дамытушы ортасын құрудың заманауи тұжырымдамалары мен қағидалары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс шараға 30-дан астам педагог қамтылды. • Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік даму ортасын құрудың негізгі тұжырымдамалары мен қағидалары туралы білімді игеруді қамтамасыз ету және педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыруға ықпал жасау. • Іс шара барысында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Х.Қалиева және Г.Орынбасарова заманауи заттық-кеңістік даму ортасына қойылатын талаптарға тоқталып, тұжырымдама аясында қоршаған ортаға емес, оны мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді қабылдауына басымдық берілетінін атап өтті, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың жеке ерекшеліктері, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес арнайы ұйымдастырылған ортаның ерекшеліктерін модельдеу арқылы ұсынды. • Іс шара сонында семинар қатысушылары https://ru.padlet.com/ арқылы кері байланыс берді.«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Х.Қалиева, Г.Орынбасарова

Наши филиалы