Тәжірибе арқылы оқыту

Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы 2022 жылдың 03.05-15.06 аралығында білім беру ұйымдарында әркімнің өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы үшін жаңа білім беру ортасын құруға қолдау көрсету мақсатында қызмет ететін «EdCrunch Aсademy» заманауи білім беруді дамыту институты өткізген «Тәжірибе арқылы оқыту» семинарды табысты аяқтап, бағдарлама бойынша 160 сағаттық сертификатты иеленді. Семинардың мақсаты: педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын және оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру бойынша тренерлердің құзыреттілігін жетілдіру. Біздің филиалдан 21 оқытушы түрлі пәндер бойынша білім беру бағдарламалары мен ОӘК әзірлеуге белсенді қатысты. Әрбір әзірленген білім беру бағдарламасы сараптамалық бағалау рәсімінен бірнеше рет өтеді.Бағдарламаның ерекшелігі – педагог-тренерлерді оқыту үшін Ресей, Қазақстан, Ұлыбритания, Нидерландыдан жетекші сарапшы-практиктер тартылды, олар тыңдаушыларға білім беру бағдарламалары мен білім беру тәжірибесін жобалаудың үздік тәжірибелерін үйретті. Мұндай тәсілдеме педагогтер үшін заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың озық технологияларына негізделген берік білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осы орайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының әрбір тренері практикалық жұмыста қажетті және пайдалы білімдер алды. Әріптестерге шығармашылық табыс тілейміз!

Наши филиалы